ШҚО-да ауызсумен қамту бойынша 110 жоба іске асырылуда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Алмат Ақышов су құбырларының құрылысы мен әлеуметтік маңызы бар нысандардың жылыту маусымына дайындығы жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімдігінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарының жаңартылуы мен жылыту маусымына дайындық мәселелері жөнінде кеңес өтті.

ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Алмат Ақышов облыс әкімі Даниал Ахметовке халықты таза ауызсумен қамту жұмыстары жөнінде есеп берді.

«Биыл сумен жабдықтау жүйесіне қатысты 110 жоба іске асырылуда. Осы жылдың соңына дейін 98 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Соның нәтижесінде, 50 мың тұрғын таза ауызсумен қамтамасыз етіледі», - деді ол.

Аймақ басшысы кеңес соңында Алмат Ақышовке электр, су және жылумен қамту жүйелерінің құрылысы мен дайындығын бақылауда ұстауды тапсырды.

«Жуықта Семей қаласының іргесінде және Алтай Бесқарағай, Көкпекті, Катонқарағай аудандарында салынып жатқан сумен жабдықтау нысандарының құрылысын тексердім. Жұмыстар кестеге сәйкес жүріп жатыр. Сондай-ақ әр ауданның жылыту маусымына жауапты штаб өкілдерімен жиын өткізудеміз», - деді ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы.


Соңғы жаңалықтар