ШҚО-да ауыр атлетикадан ашық чемпионат өтіп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде 20 жасқа дейінгі ұлдар және қыздар арасында ауыр атлетикадан ашық чемпионат басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл сайын өтетін жарысқа биыл 6 команда қатысып отыр. Өскемен жастарынан тыс Семей, Зырян, Риддер қалаларынан, сондай-ақ Күршім және Шемонаиха аудандарынан келген спортшылар 8 салмақ санаты бойынша күш сынасуда.
null

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері жексенбі күні анықталады. Бәсеке нәтижелері жарияланғаннан кейін, облыстық құрама команданың құрамы жасақталып, ол үстіміздегі жылдың 4-9 қарашасында Ақтау қаласында өтетін республикалық біріншілікке дайындық жұмыстарын бастайды.

Соңғы жаңалықтар