+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

ШҚО-да ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 4 есеге артпақ

2021 жылғы 16 қыркүйек 18:11
Бөлісіңіз:
ШҚО-да ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 4 есеге артпақ

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 4 есеге артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауыл шаруашылығы министрі биылғы астық түсіміне болжам жасады Қуаңшылықта Маңғыстау мен Қызылорда облыстарына қандай көмек көрсетілді ШҚО-дағы 18 мыңнан астам жер үйде өрт қауіпсіздігі талаптары бұзылған

Өңірде үш ірі май экстракциялау зауыты бой көтермек. Соның нәтижесінде, 1 миллион тоннаға дейін майлы дақылдар өңделетін болады. Бұл жайлы ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.

- Облыста ауыл шаруашылығы саласына ерекше назар аударылған. Негізгі міндеттердің бірі – жемшөп дақылдарының егіс алқаптарын ұлғайту. Инвестициялық жобалардың арқасында 2025 жылға қарай осы мақсаттағы егіс алқабы 28 мың гектарға ұлғайтылады, - деді ол.

Аймақ басшысының айтуынша, ең алдымен экспортқа арналған өнім көлемін арттыру көзделіп отыр. Жоспар бойынша алдағы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 4 есеге өседі.

- Сондықтан өнімділікті, жайылым алқаптарын көбейтуді, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту және өндірістерді жаңғырту бойынша жұмысты жалғастырамыз. Сондай-ақ ветеринария саласын дамытудың да кешенді жоспарын әзірлеу қажет, - деді Даниал Ахметов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT