Валюта бағамдары:
    usd/kzt 472.68 eur/kzt 466.91

    rub/kzt 8.01 cny/kzt 66.45
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: +2+4℃
  Jańalyqtar  >

ШҚО-да ауыл шаруашылығы дақылдары 600 мың гектар жерге егілген

2022 жылғы 14 тамыз 19:22

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 600 мың гектар жерге егілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары 600 мың гектар жерге егілген.

«Оның ішінде дәнді және бұршақ дақылдары – 284,7 мың, майлы дақылдар – 209,4 мың, мал азығы – 128,3 мың, көкөніс және бақша дақылдары 14 мың. Дәнді дақылдардың 45,5 пайызының жай-күйі жақсы, 53,4 пайызы қанағаттанарлық, 1,1 пайызы нашар күйде», - делінген ақпаратта.

Майлы дақылдар бойынша 38,9 пайызы жақсы, 59,3 пайызы қанағаттанарлық, 1,8 пайызы нашар күйде болып отыр. Биыл астық өткен жылғы деңгейде болады деп күтілуде.

«2022 жылы 570 мың тоннаға жуық астық және 350 мың тоннаға жуық майлы дақылдарды жинау жоспарлануда. Шығыс Қазақстан өз халқының дәнді және майлы дақылдар, қарақұмық, картоп және көкөніске деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.


Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары