ШҚО-да ауыл халқының 73 пайызы таза ауыз сумен қамтылған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -Шығысқазақстандықтарды таза ауыз сумен қамту соңғы жылдарда кешенді түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесіне қала халқының 97,8 пайызы, ал ауыл тұрғындарының 73 пайызы қол жеткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұның бәрі өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, басымдық берілген инфрақұрылымдық жоба - «Ақбұлақ» бағдарламасының арқасында мүмкін болып отыр. Бұл жөнінде облыс әкімі Даниал Ахметовтің есепті кездесуінде айтылды.null

Өткен жылы 31,7 млрд теңгенің 50 жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілген. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2015 жылы аталған сома бес есе аз болып, небары 6,2 млрд теңгені құраған екен.

Қазіргі уақытта 118 жобалық-сметалық құжаттама бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Аталған жобалардың жалпы құны - 68 млрд теңге.

Соңғы жаңалықтар