ШҚО-да ауа райының қолайсыздығы салдарынан бірқатар жолдар жабылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ТЖ қызметі облыстық маңызы бар жолдарда көліктің қозғалысы үшін тыйым салынғаны туралы хабарлады. «Облшығысжол» КМК-ның ақпаратынша, 9 ақпан күні сағат 17-де облыстық маңызы бар күре жолдар жабылды.

«А-11 Семей-РФ шекарасы» 0-50 шақырымдар аралығындағы учаскесі, «Воскресеновка-Петропавловка-Шелехово-Белағаш-Дмитриевка»; «А-11 Семей-РФ шекарасы» 10-41 шақырымдар учаскесі, «Новопокровка-Петропаловка-Зубайыр-Байтанат-РФ шекарасы»;«Семей-Долонь-Большая Владимировка - Сосновка-Қоянбай» 100-184 шақырымдар. Жабылу себебі: қардың көп мөлшерде түсуі, бұрқасын», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар