ШҚО-да «атышулы» жарылысқа кінәлі адамдар анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО-ның Ұлан ауданында аймақ тұрғындарын абыржытқан жарылыс себептері анықталды. Қасым Қайсенов атындағы кент тұрғындарының шығынын зерттеген жұмыс комиссиясы өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бұзған кінәлі адамдарды жауапқа тартты.

Бүгін аймақтың ақпараттық орталығындағы брифингте комиссия өткізілген зерттеудің ресми қорытындысын оқып шықты. Еске сала кетейік, аудандық әкімдікте аудан әкімінің орынбасары Дулат Қажанов басқарған Қ.Қайсенов атындағы кенттің жанында орын алған жарылыс себептерін анықтау бойынша арнайы комиссия құрылған.

Ұлан ауданының прокуроры Бақытжан Мәмбетовтің айтуынша, «Инцем» ЖШС «Қараөзек» кен орнында жердегі жарылыс жұмыстарын қауіпті өндірістік нысандар үшін өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін сақтамай жүргізген. Сондай-ақ мердігерлік ұйым жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын ескертпей және ауа райы жағдайын есепке алмай жарылыс жұмыстарын өткізу рұқсатын беру ережелерін бұзды.

Өткізілген жұмыстың нәтижесінде тапсырыс беруші «Восток-Универсал» ЖШС мен «Инцем» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тұрғындарға келтірілген шығынды кінәлі тарап толық өтеді. 

Соңғы жаңалықтар