ШҚО-да ата-анасы мас жатқанда кішкене бала терезеге қыстырылып қалған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында ата-анасы мас болып жатқанда 3 жасар бала терезеге қыстырылып қалып, бір сағаттай жылап тұрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан азамат 28 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған балаларына қарамайтындығын айтты. Тәртіп сақшылары мұны тексеру үшін көрсетілген үйге аттанған.

Олар оқиға орнына жеткенде ерлі-зайыптылар ішімдікке масайып ұйықтап жатты. Ал 3 жасар балалары екі терезенің ортасында қыстырылып тұрған.

«Белгілі болғандай, бүлдіршін терезеге қыстырылған мысықты алып шығуға әрекеттенген. Алайда өзі де екі терезенің ортасына түсіп, 1 сағаттай жылап тұрды. Оның 4 жастағы ағасы ата-аналарынан көмек сұрап талай мәрте айқайлағанымен одан еш нәтиже шықпаған», - делінген ақпаратта.

Әйел адам бала тәрбиесімен дұрыс айналыспағаны үшін осыған дейін де есепке алынған. Аталған оқиғадан кейін ерлі-зайыпты ата-аналық құқығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта балалар Өскемен қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.


Соңғы жаңалықтар