ШҚО-да әскерилерге 2 көппәтерлі үй берілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -  Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 173,3 мың шаршы метр баспана қолданысқа берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметі бойынша, жылдың қаңтар-маусым айларында барлық қаржыландыру қорларынан 173,3 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 17,3 пайызға көп.

Оның ішінде,  жалпы аумағы 110,0 мың шаршы метрді құрайтын 14 көппәтерлі үй және 1 жатақхана бар.  Жаңадан салынып біткен жер үйлердің жалпы ауданы -  62 мың шаршы метр.

«Жарма ауданындағы Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны өз жұмысшыларына 1 жатақхана салып берді. Оның ауданы -  1,3 мың шаршы метр. Сондай-ақ, Зырян қаласында 1 жатақхана салынып бітті. 632 пәтерлік 7 тұрғын үй, 216 пәтерлік 3 несиелік үй және салынды. Әскерилерге арнап салынған 2 тұрғын үй де қолданысқа берілді. Нәтижесінде 120 әскери отбасы баспанаға ие болды» - делінген басқарманың ресми ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар