ШҚО-да әскери қызметкерлер су тасқынына қарсы жұмыстарға атсалысуда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда әскери қызметшілер су тасқынына қарсы жұмыстарға атсалысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысынан келген № 52859 әскери бөлімінің жеке құрамынан 50 адам жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындарға қарды шығару, арықтар мен су өткізу құбырларын тазалау жұмыстарына белсенді көмек көрсетуде.

Олар Алтай ауданында ұзындығы 53 метр мұзды кесті, 9 су өткізу құбырлары мен 3700 метр арықты тазалады, инертті материал салынған 720 қап төседі, 15 үйдің ауласы қар мен мұздан тазадланды. Жеке құрам тәулік бойы Бұқтырма мен Хамир өзендеріндегі жергілікті тоғанның су деңгейіне мониторинг жүргізуде.

Көкпекті ауданында 400 метр арық тазаланды, 16 аула мен 15 су құбыры тазаланып, 48 метр мұз кесілді, 2500 қап төселді.

Еске салатын болсақ әскери қызмтешілер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің нұсқауына сәйкес келген және су тасқыны қауіпті аудандарда орналасты.


Соңғы жаңалықтар