ШҚО-да археологиялық жәдігерлердің 3D нұсқасы жасалмақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университет базасында тарихи жәдігерлердің цифрлық дерекқоры құрылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш жоба «Digital Еast - Болашаққа қадам» атты өңірлік ІТ-форумда үздік деп танылған болатын. Университет ғалымдары облыстағы сирек кітаптар мен көне қолжазбаларды, археологиялық жәдігерлер мен ескі карталарды, фотосуреттер мен архив құжаттарын бірыңғай цифрлық дерекқорда сақтауды ұсынып отыр. Соның арқасында тарихи құнды құжаттардың барлығын 2021 жылға дейін цифрлық қалыпта көруге мүмкіндік тумақ. Ал археологиялық жәдігерлердің 3D нұсқасы жасалмақ.

Жоба «Парыз» демеушілік қоры арқылы қаржыландырылады. Жыл сайын бөлінетін 24 млн теңгені ШҚМТУ мамандары игеріп, оның мақсатты жұмсалуын облыстық мәдениет басқармасы қадағалайды.

«Университет базасында цифрлық дерекқор сақтауға толық мүмкіндік бар. Техникалық қондырғылар да, бағдарламалық жабдықтар да, білікті мамандар да баршылық» - дейді ШҚМТУ проректоры Сәуле Рахметуллина.

Соңғы жаңалықтар