ШҚО-да апатқа ұшыраған автобуста 46 бала болған, оның сегізі ауруханаға жеткізілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі автобуспен соқтығысып, 8 бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта жедел жәрдем жол апатына тап болғандардың барлығын тексеру үшін ауруханаға апара жатыр. Көз жұмған ешкім жоқ. 8 адам зардап шеккен», - дейді ШҚО әкімдігінің қызметкерлері.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қоғамдық көлікте 53 жолаушы отырған, оның 46-сы - бала.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Шығыс Қазақстан облысында балалар отырған автобус жол апатына ұшырады. Оқиға бүгін Глубокое ауданы Прапорщиково ауылындағы «Өскемен-Шемонаиха» тасжолында болған. Балалар спорт жарысына қатысу үшін автобуспен облыс орталығынан Шемонаиха ауданына бара жатқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, Howo жүк көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, қоғамдық көлікпен соқтығысқан.


Соңғы жаңалықтар