ШҚО-да апатқа байланысты жылусыз қалған 9 ауылға қайтадан газ беріліп жатыр

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы 9 ауыл қайтадан газбен қамтылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 қараша күні сағат 12.00-де Зайсан ауданындағы 9 ауылды газбен қамтамасыз ететін жоғары қысымды магистральдық құбырдан газ шығып, соның салдарынан елді мекендер газсыз қалған еді.

Атап айтқанда, Қарабұлақ, Кеңсай, Қайнар, Айнабұлақ, Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Қаратал, Үлкен Қаратал ауылдары.

«Магистральдық газ құбырын жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта ауылдарға газ таратылып жатыр. «ҚазТрансГаз», «Интергаз» мекемелерінің мамандары газ реттеу жұмыстарын жүргізу үшін әр ауылға барады. Олар арнайы құрылған штаб мүшелерімен бірге үйлерді аралап шығады», - деп хабарлады аудан әкімдігінен.



Соңғы жаңалықтар