ШҚО-да апат салдарынан көлікте қысылып қалған 2 адам құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Глубокое кентінде жол апаты салдарынан көлікте қысылып қалған екі адам құтқарылды. Бұл туралы Глубокое ауданының төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«30 шілдеде Глубокое кентінің №23 өрт сөндіру бөліміне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама түсті. Атап айтқанда, Степная көшесінде көлік ағашқа соғылып, салдарынан онда 2 адам қысылып қалған. Дереу оқиға орнына жеткен жедел құрамның 3 қызметкері көлік ішінде қол-аяғы сынған және бірнеше жерден жарақат алған екі адам бар екенін анықтаған. Жолаушылар алдыңғы және артқы орындықтардың арасында қысылып қалған. Құтқарушылар гидравликалық құралмен автомобиль ішінен адамдарды алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлерінің қолына тапсырды. Жол-көлік оқиғасынан қаза болғандар жоқ», - деп хабарлады жергілікті құзырлы органның баспасөз қызметінен.

Қоса кетсек, бұл уақытқа дейін елордалық полицейлер ғимараттан секірмек болған әйелді құтқарып қалғанын хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар