USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша тұңғыш нәресте дүниеге келді

2022 жылғы 14 қаңтар 17:45
Бөлісіңіз:
ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша тұңғыш нәресте дүниеге келді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша тұңғыш нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда коронавирустың омикрон штамы тіркелген жоқ ШҚО-да өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 1,5 мың үй анықталды Жаңа қаулы: ШҚО-дағы мешіттерде жұма намазын оқуға шектеу қойылды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша ЭКО арқылы тұңғыш нәресте жарық дүние есігін ашты.

«Бұл бақытты сәттерін алғаш рет ата-ана атанып отырған ерлі-зайыпты 2016 жылдан бері күткен. 35 жастағы әйел адам экстракорпоральді ұрықтандыру арқылы МӘМС жүйесі аясында бала көтеріп, аман-есен босанды», - делінген ақпаратта.

Бүгінде ана мен бала өзін жақсы сезінеді. Ұлдың салмағы - 3661 грамм, бойы - 52 см.

«Өзімізді сондай бақытты сезінудеміз. Барлық жұмыстар тегін болып, отбасымыздан еш шығын шыққан жоқ. Ұлымыздың атын Марк деп қойдық», - деді Өскемен қаласының тұрғыны Алена Долгих.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT