+7 (701) 759 90 19
USD 424.92 EUR 500.09
RUB 5.87 CNY 65.92
Jańalyqtar

ШҚО-да анасымен жанжалдасқан 45 жастағы ер адам асылып қалмақ болды

2021 жылғы 30 шілде 13:47
Бөлісіңіз:
ШҚО-да анасымен жанжалдасқан 45 жастағы ер адам асылып қалмақ болды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында анасымен жанжалдасқан 45 жастағы ер адам асылып қалмақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жанар-жағармай бекетінде мотоцикл өртенді Батыс Қазақстанда киіктер жол салушылар қазған траншеяға түсіп кетті Алматы облысындағы дау: ата-аналар балаларын мектепке жібермейміз деп талап қоюда

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 шілде күні Жаңа Бұқтырма кентінің 66 жастағы тұрғыны полицияға хабарласып, ұлының жоғалып кеткенін жеткізді.

«Анықталғандай, арызданушы өз отбасымен Бұқтырма су қоймасындағы демалыс базаларының біріне келген. Демалыс кезінде анасы мен ұлының арасында кикілжің туындап, 45 жастағы ер адам көлігімен белгісіз жаққа кетіп қалған. Біраз уақыттан кейін ол шешесіне WhatsApp мессенджері арқылы өз өзіне қол жұмсайтындығы жайлы хабарлама жіберді», - делінген ақпаратта.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері «Көк шығанақ» демалыс орнының маңындағы тауда асылып қалмақ болған ер адамды тауып алды. Сондай-ақ оның алкогольді ішімдік ішкені белгілі болды.

Тәртіп сақшылары азаматты полиция бөліміне жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Қазіргі уақытта Алтай ауданының тұрғыны туыстарына тапсырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT