ШҚО-да алтын тамыр қазғандар ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті алтын тамыр қазумен айналысқан Алматы облысының тұрғындарын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаментінің хабарлауынша, сақшылар жергілікті «Охотзоопром» мекемесінің инспекторларымен бірге Зайсан ауданында рейд жүргізген. Осы рейд барысында 12 адамнан тұратын топтың қылмысы әшкереленген.

«12 адамнан тұратын топтан Қызыл кітапқа енген алтын тамырдың 10 қап өскіні тәркіленді. Олардың бұл заңсыз әрекетін Кеңсай ауылына қарасты Көктомар мекенінің тұрғындары хабарлаған. Қазіргі таңда ұсталғандардың аты-жөні анықталды. 12 адамның ең жасы 21-де болса, ең үлкені 51-де. Қаптағы өсімдіктің «алтын тамыр» екенін растау үшін сараптама жүргізіледі. Күдіктілерге қарсы қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - дейді департаменттің баспасөз қызметінің маманы Азамат Раисов.

Соңғы жаңалықтар