ШҚО-да алты күн ішінде қаруды заңсыз сақтаған 25 адам анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында алты күн ішінде қаруды заңсыз сақтаудың 25 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қару» жедел алдын алу шарасы барысында полиция қызметкерлері 4600-ден астам қару-жарақ иесіне тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде қаруды сақтау және қайта тіркеу ережелерін бұзған 181 адамға әкімшілік хаттама толтырылған.

ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиевтің айтуынша, шара барысында тәртіп сақшылары заңсыз айналымдағы 32 дана қару мен 146 оқ-дәріні анықтап, 25 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ, ҚР ҚК-нің 287-бабымен 6 қылмыстық іс қозғалған.

«6 маусым күні «Қару» жедел алдын алу шарасы кезінде Катонқарағай ауданындағы 42 жастағы ер адамның ас бөлмесінде заңсыз сақталған 12 калибрлі шолақ мылтық пен 8 оқ табылды. Қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді Сағат Мәдиев.

Айта кетейік, аталмыш шара 14 маусымға дейін жүргізілмек.


Соңғы жаңалықтар