ШҚО-да «Алтай - түркі әлемінің бесігі» халықаралық жобасы іске асырыла бастады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (ШҚМТУ) «Алтай - түркі әлемінің бесігі» бірегей халықаралық жобасын іске қосты. Бұл туралы жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жобаның мақсаты - көшпенділердің технологиялық дамуына және түркі әлемінің қалыптасуына негіз болған Еуразия өркениетінің орталығы ретінде Алтай туралы білімді қалыптастыруға бағытталған тарихи сананы жаңғырту.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймардановтың айтуынша, жоба 3 жылға есептелген және университеттің басты міндеті - ғылыми-тәжірибелік қолдау көрсету, ғылыми тұрғыдан ақпараттарды өңдеу, археологиялық қазбаларды талдау, сондай-ақ студенттерге әдістемелік материалдар дайындау.

Ректордың айтуынша, «Алтай - түркі әлемінің бесігі» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының көрікті және тарихи орындарын зерттеу бойынша халықаралық экспедициялар ұйымдастырылады, сондай-ақ Алтай өңірінің (Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Қытай) студенттеріне XVII халықаралық жазғы мектеп өткізіледі.null  

«Мұражайдағы жәдігерлерді цифрландыру жобасын іске асыру кезінде біз облыстың туристік орталықтарындағы мұражай экспозицияларын сақтау және оны көбейту мақсатында табылған артефакттарды цифрлауды жоспарлап отырмыз. Университет қазба жұмыстарына техникалық қолдау көрсетеді», - деді ректор.

Бұдан бөлек, мектеп оқушылары үшін тұрақты түрде экскурсиялар өткізілмек. null

Аталмыш жоба «Алтай - түркі әлемінің бесігі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциядан бастау алды. Оның аясында шеберлік сабақтар, «Үлкен Алтай» ШҚМТУ музейінің презентациясы өткізілді.

 

Соңғы жаңалықтар