ШҚО-да алимент төлемей жүрген 200-ден астам адам анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарып жүрген 200-ден астам адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының мамандары алимент төлемегені үшін іздестіріліп жатқан адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. 2021 жылдың басынан бері тәртіп сақшылары сот орындаушыларынан жасырынған 200-ден астам азаматты тапты.

«Мәселен, Өскеменде полицейлерге жеке сот орындаушысынан 3 500 000 теңге қарызы бар 45 жастағы алимент төлемеушіні іздестіру туралы қаулы келіп түсті. Бір тәулік ішінде көші-қон қызметінің өкілдері ер адамның орналасқан жерін анықтады. Қала тұрғыны 7 жылдан астам уақыт бойы кәмелетке толмаған баласына алимент төлемегені белгілі болды. Тиісті қаражатты өндіріп алу үшін облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Осы ретте, тәртіп сақшылары атқару құжатын орындамағандарға ҚР ҚК-нің 139-бабы (балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке жарамсыз ата-анасын, еңбекке жарамсыз жұбайын асырауға қаражат төлеуден жалтару) бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар