ШҚО-да әлеуметтік нысандардың 98 пайызы жылуға қосылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік нысандардың 98 пайызы жылуға қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов жылыту маусымына қатысты жиын өткізді. Бүгінгі таңда облыстағы барлық әлеуметтік нысандардың 98 пайызы жылуға қосылған. Алайда Семейдегі сегіз білім беру нысанын жылумен қамтуда қиындық туындады.

«Бұған жылу магистраліндегі ақаулар себеп болып отыр. Ертеңнен бастап мәселе шешіліп, олардың барлығы жылумен қамтамасыз етіле бастайды. Жалпы, Семей бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Мамыр айынан бастап қазандықтарды жөндеу, олардың қуатын арттыру, техникалық базаны нығайту жұмыстары жүргізілді. Енді қала әкімі өз ісіне жауапкершілікпен қарап, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй секторларының жылумен қамтамасыз етілуін тұрақты бақылауға алуы тиіс», - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, бүгінде өңір бойынша 637 денсаулық сақтау нысанының 635-і жылуға қосылған. Ал аудандар бойынша әлеуметтік нысандарда қажетті отын қоры жеткілікті.


Соңғы жаңалықтар