ШҚО-да әлеуметтік нысандар 1 тамызға дейін көмірмен толық қамтылады
2022 жылғы 17 мамыр 05:13

ШҚО-да әлеуметтік нысандар 1 тамызға дейін көмірмен толық қамтылады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қазірден бастап алдағы жылыту маусымына дайындалуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы қала және аудан әкімдерімен, басқарма басшыларымен өткен жиналыс барысында алдағы жылыту маусымына дайындық жұмысы туралы сөз қозғады.

«Бұған дейін Өскемен қаласының әкіміне бірқатар сын-ескерту жасалған болатын. Сондай-ақ Риддердегі жылу электр орталығында қиындықтар туындады. Мұндай жағдайлар енді қайталанбауы тиіс. Әр әкім көмірді жеткізу, жөнелту мерзімдері мен отын мөлшері нақты көрсетілген кесте жасауы керек», - деді Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, сату орындарының жұмысын тексеріп, алыпсатарларлықты болдырмау қажет.

«1 тамызға дейін әлеуметтік нысандарла көмірдің жүз пайыздық қоры болуы тиіс. Ал қыркүйектің басына қарай қалалар мен аудандардың жылумен жабдықтау жүйелеріндегі барлық жөндеу жұмыстары аяқталу керек. Тағы бір маңызды мәселе - жылу беру деңгейі. Атқарылған жұмыстар бойынша есептерді апта сайын тыңдайтын боламын. 15 қыркүйекке қарай өңірдің барлық нысанында 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына әзірлік паспорттары болуы тиіс», - деді ШҚО әкімі.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT