USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

ШҚО-да алдағы 3 күнде қар көшкіні жүруі мүмкін

2022 жылғы 14 қаңтар 11:42
Бөлісіңіз:
ШҚО-да алдағы 3 күнде қар көшкіні жүруі мүмкін

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 14-17 қаңтар аралығында қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО тауларынан жасанды жолмен қар түсіріліп жатыр Шығыс Қазақстанда 20 қаңтарға дейін қар көшкіні жүру қаупі бар

ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14-17 қаңтар аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар.

«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыздар», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT