ШҚО-да алаяққа алданған екі адам 20 млн теңгеден айырылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны алаяққа алданып, 20 млн теңгеден айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан Өскемен қаласының 24 жастағы тұрғыны алаяқтың арбауына іліккенін айтты. Анықталғандай, 2020 жылдың сәуір айының ортасында жәбірленуші «ақшаңызды екі еселеп қайтарамын» деп сендірген бейтаныс әйелге 4 млн теңгесін бере салған.

Көп ұзамай тәртіп сақшыларына Тарбағатай ауданының 32 жастағы тұрғыны дәл осындай арызбен жүгінді. 2019 жылдың қыркүйек айында арзан бағамен пәтер алуға көмектесетіндігін айтқан алаяқ оның 19 млн теңгесін қалтаға басқан.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізгенде криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы әйелді қолға түсірді. Ол да Тарбағатай ауданында тұратын болып шықты. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр», - дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) 3-бөлігінің 1-тармағы және 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар