ШҚО-да алапат өрттен 36 жастағы ер адам көз жұмды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданына қарасты Жаңа Үлбі кентінде шаруа қожалығынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрт таңғы сағат 4.00-де басталған. Жер үйден шыққан жалын біртіндеп ауладағы қораға көшкен. Өрт сөндірушілер келгенше қожалық адамдары 60 сиыр мен 8 жылқыны сыртқа шығарып үлгеріпті. Машина ені тар көпірден өте алмаған соң, төтенше жағдай өкілдері өзенге сорғы орнатып, сол арқылы су шашқан. Таңғы сағат 8.00-де ғана тілсіз жаудың арыны басылып, өзге нысандарға жайылу қаупі жойылды. Ал сағат 12.00-де қызыл жалын толықтай сөндірілді.

«Тілсіз жау 672 шаршы метрді қамтыған. 400 шаршы метр аумақ өрт сөндірушілердің арқасында оттан аман қалды. Өртенген аумақтан 1982 жылы туған ер адамның мәйіті табылды» - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.

Соңғы жаңалықтар