ШҚО-да Алакөлдің неліктен карантинге жабылғаны түсіндірілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан тұрғындары мен облыс қонақтарынан Алакөл көліне бармауды сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Мекемедегілердің айтуынша, облыс пен Үржар ауданында коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты ауданның мемлекеттік Бас санитария дәрігері карантин тәртібін күшейтіп, Алакөл жағасына шектеу шараларын жариялауға мәжбүр болған.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы мен Үржар ауданындағы COVID-19 коронавирус инфекциясы жағдайы күрделі, аурудың ең жоғары көрсеткіші әлі тіркелген жоқ.

«Осыған байланысты, тұрғындар, демалушылар мен қызметшілердің жаппай коронавирусқа шалдығуының алдын алу үшін Үржар ауданының мемлекеттік бас санитария дәрігері 2020 жылдың 22 шілдесінде «Үржар ауданының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары туралы» №7 қаулыны қабылдады», -деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 23 шілдесінен Үржар ауданындағы Алакөл көлінің туристік аймағында тұруға және демалуға тыйым салынды. Жол жабылып, Алакөлге апаратын тасжолдарда мобильді пост қойылды. Ол жерді полиция қызметкерлері күн сайын бақылауға алған.

Авторы Орал Ерланұлы

Соңғы жаңалықтар