Валюта бағамдары:
    usd/kzt 433.3 eur/kzt 464.19

    rub/kzt 6.48 cny/kzt 64.56
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

ШҚО-да әкімдерге жемқорлықпен күрестің жаңа тұжырымдамасы таныстырылды

2022 жылғы 26 қаңтар 12:57

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында әкімдерге, құқық қорғау органдарының басшылары мен кәсіпкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, облыстың қалалары мен аудандары әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшылары, депутаттар, бизнес өкілдері, квазимемлекеттік сектор басшылары, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер мен қоғам өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Онда 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы жан-жақты талқыланды.

Кездесу барысында қатысушылар нақты реформалар мен жобаларды қамтитын тұжырымдама міндеттерінің 6 блогын талқыға салды. Олардың ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, бизнеске корпоративтік әдеп арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, жауапкершіліктен бұлтартпауды қамтамасыз ету бойынша шараларды жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық қоғамның рөлін күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мониторингі және уәкілетті органның қызметін жетілдіру сияқты міндетті шешімдер бар.

«Тұжырымдамаға азаматтық қоғам, соның ішінде кәсіпкерлердің ұсыныстары енгізілген. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алудағы мемлекеттік компаниялардың үлестерінің қысқаруы, бір көзден сатып алу үшін негіздерді қысқарту. Жаңа стратегиялық құжат сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын түбегейлі және кешенді жоюға бағытталған. Сана мен моральдық қағидаларды өзгертуге маңызды рөл берілді. Біздің мақсатымыз - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты иммунитет қалыптастыру», - деді департамент басшысы Е.Жалмағамбет.

Сондай-ақ жиынға қатысушылар банк, мемлекеттік сатып алу және басқа да салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.


Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар