ШҚО-да адасып кеткен 3 шопан құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында адасып кеткен 3 шопан құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 4 қараша күні сағат 14.00 шамасында Зайсан ауданында 3 шопанның бір отар қоймен жоғалып кеткені туралы хабар түсті. Белгілі болғандай, таңертең Біржан ауылдық округі аумағындағы қыстақтан шыққан олар сол күйі қайтып оралмаған.

«Құтқарушылар оқиға орнына шұғыл келіп, іздестіру шараларына кірісті. Нәтижесінде, отар қоймен далада адасып жүрген шопандардың бірі табылды. 2 сағаттан кейін құтқарушыларға екінші малшы жолықты. Көп ұзамай үшінші ер адам да аман-есен табылған», - делінген ақпаратта.

ТЖД қызметкерлері шопандарды өтімділігі жоғары «КУНГ» техникасымен қыстаққа жеткізді. Олардың денсаулықтарына ешқандай зақым келмеген.


Соңғы жаңалықтар