+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

ШҚО-да Абайдың 175 жылдығына орай көрме ашылды

2020 жылғы 22 қаңтар 17:15
Бөлісіңіз:
ШҚО-да Абайдың 175 жылдығына орай көрме ашылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық Өнер музейінде Абайдың 175 жылдығына орай «Ғасырларды тоғыстырған даналық» атты көрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған әдеби музыкалық шара өтті Қарағандылық әскерилер #Аbai175 челленджін қолдады Семейде Абайдың мерейтойына орай жаңа спектакль қойылмақ

22 қаңтар күні ашылған көрмеде Қазақстанның танымал қылқалам шеберлерінің Абай тақырыбынан сыр шертетін туындылары қойылған. Атап айтсақ, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Сыдыханов Абдрашиттың «Абай Жолы. Абай анасының киіз үйі», Юрий Бакулиннің «Абайдың портреті», Нұрбұлан Өтепбаевтың «Абайдың портреті», Гүлнар Бекбердинованың «Абай және Семейге оқуға келген балалары», Мәди Кайырханның «Бала Абай», «Күз» сынды бірқатар туындылар көпшілік назарына ұсынылды.

«Бұл көрмені ұйымдастырудағы мақсатымыз – Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау, ұлы ақынның әлемін бейнелеу өнері арқылы дәріптеу. Музейдің 2 залына жалпы саны 21 картина қойылған. Көрме наурыз айының ортасына дейін жалғасады» дейді ШҚО Өнер музейінің директоры Бекайым Ұябаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT