ШҚО-да Абай мерейтойына орай өткізілетін шараларға 500 волонтер тартылмақ

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында ұлы ақынның 175 жылдығына орай өткізілетін шараларға 500 волонтер тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Ирина Смиттің айтуынша, қазірде еріктілерді тарту мақсатында өңірдің барлық жоғарғы оқу орындарымен келіссөз жүргізілуде.
«Абай мерейтойына орай ұйымдастырылатын шараларға жалпы саны 500 волонтер тарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ 47 кәсіби гидтің тізімі жасақталған. Бұдан бөлек, тағы да 50 гид пен аудармашыны қосымша оқытамыз» - дейді ол.
Абай ауданындағы Қарауыл ауылында облыстың әр өңірі жеке киіз үй құрады. Көктемде бұл киіз үй қалашығының аумағында 2 мыңға жуық көшет отырғызылады. Осы жұмыстарға еріктілердің көмегі қажет.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да Абайдың 175 жылдығына орай ұлттық ат спортынан фестиваль өтетіндігі хабарланған болатын.
- Бұрынғы әйелінің мазасын алғаны үшін 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді – ШҚО
- Елордада жас сарбаздар әскери ант қабылдады
- ШҚО Катонқарағай ауданының әкімі тағайындалды
- ШҚО-да жол апатынан 1 адам көз жұмып, 4 адам жарақат алды
-
Семейде 17 жастағы жас жігіт көпірден секіріп кетті
-
ШҚО-да бір түнде 26 адам қар құрсауынан құтқарылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам