ШҚО-да Абай мерейтойына орай халықаралық пленэр өтеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық Өнер музейі Абайдың 175 жылдығы аясында халықаралық пленэр ұйымдастырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Абай мерейтойына орай «Біз таныған Абай» атты халықаралық пленэр өткізуді жоспарлап отырмыз. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен және шет мемлекеттерден 20 суретші шақырылады. Бұл шараға белгілі фотографтар да қатыспақ. Плэнердің мақсаты – суреттер арқылы ақынның туған жерін әлем елдеріне көрсету», - дейді музей директоры Бекайым Ұябаева.

Сондай-ақ, халықаралық пленэр аясында «Ең үздік волонтер» атты байқау ұйымдастырылмақ.

«Осы арқылы жастарды мәдениет саласына баулығымыз келеді. Сайыстың шарты бойынша қатысушылар суретшілермен бірге жүріп, Абай әлемін қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде таныстырады», - дейді Бекайым Қасымханқызы.


Соңғы жаңалықтар