ШҚО-да Абай атындағы Мәдениет үйі ашылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында Абай атындағы Мәдениет үйі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Глубокое кентінде Абай Құнанбайұлы атындағы Мәдениет үйінің ашылу салтанатына қатыстым. Осы сәтті жергілікті тұрғындар, әсіресе аудан орталығының жастары жылдар бойы күтті. Сыйымдылығы 300 орындық көрермен залы, үлкен сахнасы, сондай-ақ үйірме сабақтарын өткізуге арналған шеберханалары бар жаңа мәдениет үйі еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін жиналып, бас қосатын орынға айналатыны сөзсіз», - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, жаңа мәдениет ошағының алдында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының бюсті орнатылған.


Соңғы жаңалықтар