+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

ШҚО-да «Абай әлемі» жобасы аясында 22 кітап жарық көреді

2020 жылғы 26 сәуір 06:14
Бөлісіңіз:
ШҚО-да «Абай әлемі» жобасы аясында 22 кітап жарық көреді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Абай әлемі» жобасы аясында 22 кітап шығарылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2018 жылдан бастап Семей қаласындағы Абай кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай әлемі» кітаптар топтамасы жобасы қолға алынған. Мұндағы мақсат – қазақ мәдениеті мен әдебиетінің дамуына ықпал ету, өңірден шыққан ақын-жазушылардың туындыларын қайта басып шығару, жастар арасында дәріптеу.

Бес жылға арналған жоба 2018-2022 жылдары аралығында жүзеге асырылмақ. Жоба бойынша жыл сайын жаңа кітаптар шығарылып, оқырман қауым жаңа есімдермен танысады. Кітаптардың тізімі де әзірленіп қойған.

Қалалық Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, 2018 жылы 38 миллион теңгеге 13 689 дана кітап шығарылды. 2019 жылы 6500 дана кітап жарық көрген. Ақын-жазушылардың шығармаларын бағалау және жариялау жөніндегі кеңеске Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Медеу Сәрсеке жетекшілік етуде. Жоспар бойынша осы жылдың соңына дейін «Абай әлемі» кітаптар топтамасы аясында 51 млн теңгеге 23 000 дана тиражбен 22 кітап шығарылады.

«Биыл жарыққа шығатын кітаптардың қатарында Абай шығармашылығын зерттеушілердің жинақтары, ұлы ақын ізбасарларының шығармалары, Абай туындыларының ағылшын тіліндегі жинақтары және жеке авторлардың кітаптары бар. Карантин кезінде біздің кітапхана жаңаша форматта жұмыс істеуде. Виртуалды көрмелер, лекциялар және басқа да қызықты іс-шаралар әлеуметтік желілер арқылы онлайн режимде өтуде, - дейді Абай кітапханасы директорының орынбасары Гүлмира Нұғыманова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT