ШҚО-да 99 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасының екі компонентін алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 99 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасының екі компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда.

«Аймақ бойынша аталған екпенің екінші компонентін 99 мыңға жуық адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 88 808 бала бар. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 2206 жүкті және 7558 бала емізетін әйел екпе алды», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, облыста 50 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтуде. Қазір осы санаттағы 25 мыңға жуық адам үшінші рет вакцина алып отыр.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, жалпы Шығыс Қазақстанда 481 746 адам коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өткен.


Соңғы жаңалықтар