ШҚО-да 91 мыңнан астам бала вакцинаның екі компонентін салдырды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 91 мыңнан астам бала вакцинаның екі компонентін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда.

«Аймақ бойынша аталған екпенің екінші компонентін 101 958 адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 91 526 бала бар. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 2413 жүкті және 8019 бала емізетін әйел екпе алды», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, облыста 50 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтуде. Қазір осы санаттағы 29 446 адам үшінші рет вакцина алып отыр.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, жалпы Шығыс Қазақстанда 513 392 адам коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өткен.


Соңғы жаңалықтар