ШҚО-да 90 мыңға жуық бала вакцинаның екі компонентін алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 90 мыңға жуық бала вакцинаның екі компонентін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда.

«Аймақ бойынша аталған екпенің екінші компонентін 99 186 адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 89 314 бала бар. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 2214 жүкті және 7658 бала емізетін әйел екпе алды», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, облыста 50 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтуде. Қазір осы санаттағы 26 114 адам үшінші рет вакцина алып отыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, жалпы Шығыс Қазақстанда 491 383 адам коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өткен.



Соңғы жаңалықтар