ШҚО-да 9 мыңға жуық оқушы мектеп бітірді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл 8859 оқушы мектеп бітірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, бүгін өңір мектептерінде соңғы қоңырау соғылды. Коронавирус пандемиясына қатысты карантин шектеулерінің алынуына орай шара дәстүрлі форматта өтті.

«Биыл 8 859 шығысқазақстандық оқушы мектеп бітіріп отыр. Оның ішінде Өскеменде бүгін 1 587 түлек үшін соңғы қоңырау соғылды. Облыс бойынша 7 510 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді. ҰБТ тапсыру рәсімі 16 мамырда басталған. Осы жылдың басты жаңалығы – түлектерге екі рет емтихан тапсыруға мүмкіндіктің берілді», - делінген ақпаратта.

Өскемен қаласында 138 оқушы «Алтын белгіге» үміткер. Аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі 16-17 маусым күндеріне жоспарланған.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін семейлік оқушылардың ғылыми жобасы Ресейде екінші орын алғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар