ШҚО-да 9,5 мыңға жуық бала келесі жылы бірінші сыныпқа барады

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында келесі оқу жылында бірінші сыныпқа 9,5 мыңға жуық бала қабылданады деп болжануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда өңір бойынша 6 мың ата-ана баласын келесі оқу жылында бірінші сыныпқа қабылдауға өтініш білдірген.

Болжам бойынша Шығыс Қазақстан облысында барлығы 9,5 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды деп күтілуде.

«Ата-аналарға құжаттарды өткізу үшін мектепке барудың қажеті жоқ. Өтініштер Egov электронды үкімет порталында қабылданады. Ата-аналарға оқу орнын таңдар кезде тезірек шешім қабылдауға кеңес береміз. Себебі қабылдау рәсімі 1 тамызға дейін ғана жүргізіледі. Яғни, ата-аналарға таңдау жасауға екі ай уақыт бар. Содан кейін оқулықтар санын қалыптастыру және мұғалімдерге сағаттық жүктемені бөлу жұмыстары басталады», - дейді басқарма басшысының орынбасары Динара Шаухина.

Оның айтуынша, облыс мектептеріне жаңа оқулықтар сатып алуға 450 млн теңге қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар