ШҚО-да 84 мыңнан астам бала вакцинаның екі компонентін салдырды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 84 мыңнан астам бала коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының екі компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылдың қараша айынан бастап 12-18 жас аралығындағы балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер Pfizer вакцинасымен егілуде.

«Аймақ бойынша аталған екпенің бірінші компонентін 105 804 адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 93 470 бала бар. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 3572 жүкті және 8762 бала емізетін әйел екпе алды. Ал 84 788 бала вакцинаның екі компонентін де салдырған, - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, облыста 60 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтуде.

Қазір осы санаттағы 15 мыңнан астам адам үшінші рет вакцина алып отыр.



Соңғы жаңалықтар