ШҚО-да 82 мыңға жуық адам тұмауға қарсы вакциналанды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 1 қазаннан бастап 82 мыңға жуық адам тұмауға қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, күз басталғалы өңір бойынша 20 624 адам жіті респираторлы вирусты инфекциямен ауырған. Оның ішінде 56,2% - 14 жасқа дейінгі балалар.

«Сондай-ақ 50-ден астам адам тұмауға шалдықты. Тұмаудан өлім-жітім тіркелмеді, ауруханаға жатқызылғандар жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

1 қазаннан бастап осы күнге дейін Шығыс Қазақстанда 81 939 адам тұмауға қарсы екпе алды. Оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 75 мыңға жуық адам, жұмыс берушілер есебінен – 6 044, ақылы түрде 895 адам екпе салдырды.


Соңғы жаңалықтар