ШҚО-да 80 мыңнан астам бала вакцинаның екі компонентін салдырды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 80 мыңнан астам бала коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының екі компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ бойынша COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 917 292 адам, ал екінші компонентін 907 168 адам алды. Бұл жайлы онлайн форматта өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алин мәлім етті.

«Қараша айынан бастап 12-18 жас аралығындағы балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер Pfizer вакцинасымен егілуде. Бүгінде аталған санаттағы 89 034 адам екпенің екі компонентін салдырған. Оның ішінде 80 371 жасөспірім, 2 000 жүкті және 6 663 бала емізетін әйел», - деді ол.

Вакцина алған адамдарда жағымсыз реакциялар тіркелмеген. Эпидемиологтар мен иммунологтардың пікірінше, ревакцинация екінші екпені алған күннен бастап 6 айдан кейін «омикрон» штамынан қорғануға көмектеседі.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, облыста 329 926 тұрғын коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өтті.


Соңғы жаңалықтар