USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

ШҚО-да 8 желтоқсанға дейін қар көшкіні жүру қаупі бар

2021 жылғы 6 желтоқсан 22:31
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 8 желтоқсанға дейін қар көшкіні жүру қаупі бар

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 8 желтоқсанға дейін қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін Қазақстанның 8 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады Түркістан облысында трассалар қардан тазартылып жатыр Сауд Арабиясында рекордтық төмен температура тіркелді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 6-8 желтоқсан аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар.

«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT