ШҚО-да 8 күн бұрын жоғалған ер адамның денесі өзеннен табылды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында із-түссіз жоғалып кеткен ер адамның денесі 8 күннен кейін өзеннен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 33 жастағы ер адам 10 қыркүйек күні Шемонаиха ауданы Усть-Таловка ауылында досының үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.

«Туыстары хабар берген соң тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын қолға алды. Іздестіру жұмыстарына әскерилер мен еріктілер де тартылған. Алайда оны бірден табы мүмкін болмады», - делінген ақпаратта.

18 қыркүйекте жергілікті ауыл тұрғындарының бірі Таловка өзенінен жоғалған адамның мәйітін тапты. Қазіргі уақытта оның нақты неден көз жұмғаны белгісіз.

Бірқатар сараптама тағайындалды. Өлім себебі соның нәтижелерінен кейін анықталмақ.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде еден жуушы әйел мектепте қайтыс болғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар