+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

ШҚО-да 76 жастағы қарт 13 жыл бойы екі елден зейнетақы алып келген

2021 жылғы 14 қазан 17:25
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 76 жастағы қарт 13 жыл бойы екі елден зейнетақы алып келген

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының тұрғыны 13 жыл бойы екі елден зейнетақы алып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ерқанат Тұрымтай қазақтың көне жәдігерлерін бүгінге дейін сақтап келеді Террористер басып алды: Өскемен тұрғыны полицияға жалған хабар берген ШҚО құтқарушылары пәтерде қамалып қалған баланы құтқарды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай ауданының полиция қызметкерлері қос азаматтық алу фактісін анықтады.

«Ер адам 2004 жылы Қазақстан азаматтығынан шықпай, Ресей Федерациясының азаматтығын алған. Осылайша, зейнет жасына жеткеннен кейін ол 13 жыл бойы екі елден ақша алып отырды. Соның салдарынан мемлекетке 12 млн теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілді», - деді облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Аталған факті бойынша 76 жастағы қарт кісіге ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігімен 100 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы заңсыз алынған зейнетақы төлемдерін бюджетке қайтару үшін сотқа арыз береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT