ШҚО-да 700 мың теңге қаржы жымқырған маманға 7 млн теңге айыппұл салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бюджет қаражатын жымқырған ауыл әкімдігінің маманы жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді.

«Шығыс Қазақстан облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округі әкімінің аппараты бас маманы А. Тілеуімбетоваға қатысты тергеуді аяқтады. Ол өзінің карталық есепшотына 743 159 теңге көлеміндегі бюджет қаражатын заңсыз аударды деген күдікке ілінді. 2020 жылдың 24 маусымында Тілеумбетоваға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды және 7 431 590 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді Д. Бигайдаров Facebook парақшасында өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің бас есепшісі аса ірі мөлшерде қаражат жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар