ШҚО-да 7 жасар қызды зорлаған жігіт асылып өлді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 7 жасар қызды зорлаған жігіт асылып өлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәйітті Шемонаиха полиция бөлімінің жедел қызметкерлері тапты. Бұған дейін бір әйел өзімен бірге тұратын жігіт 2012 жылы туған қызының дәрменсіз күйін пайдаланып, онымен жыныстық қатынасқа түсіп, содан кейін қашып кеткенін айтып, шағымданған. Азғын ойын іске асырған адам ол кезде мас күйде болған.

7 жасар қызды зорлаған ер адам өлі күйде табылды.

«Қазіргі болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған», - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Тергеу амалдары жалғасуда. Оқиғаға қатысты бірқатар сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар