ШҚО-да 66 жыл бұрын салынған дамба жөнделді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында 1955 жылы салынған дамба жөндеуден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Күршім ауданы Қалжыр ауылын су басу қаупінен қорғау үшін 1955 жылы ұзындығы 4025 метрлік дамба салынған.

Сол уақыттан бері қазірге дейін жөнделмеген бөгеттің 2950 метрі бұзыла бастады. Алайда комиссия жүргізген тексеру нәтижелері бойынша бұл бұзылған жерлер қоршаудың кенеттен құлауына әкеліп соқпайды.

«2013 жылы дамба «Шығыс су қоймалары» КМК-ның балансына берілген. Кәсіпорын биыл жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Барлық учаскеде топырақ себіліп, қоршау құм-қиыршық тас қоспасымен нығыздалды», - деді облыстық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Алексей Штыкель.


Соңғы жаңалықтар