ШҚО-да 600 мыңнан астам адам вакцина алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 600 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, ел аумағында вакцина салына бастағалы бері Шығыс Қазақстанға 1,5 млн-нан астам доза келіп түсті. Облыстың кейбір аудандарында вакцинация қарқынды жүргізілуде. Қазір екпенің бірінші компонентін 754 мың адам алса, екі компонентін 606 мыңға жуық тұрғын салдырған.

«Бірінші компонент бойынша Үржар ауданы (95,3%), Бесқарағай ауданы (94,7%) және Аягөз ауданы (93,6%) көш бастап тұр. Екінші компонентте Бесқарағай ауданы (86,1%), Абай ауданы (84,7%), Аягөз ауданы (80,1%) алдыңғы қатарда.

Жалпы облыста бүгінде вакциналардың үш түрі бар. Олар – Спутник V, QazVac және Sinopharm, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта вакцина пункттерінде бірінші компоненттің 46,6 мың дозасы, екінші компоненттің 158 мың дозасы бар.


Соңғы жаңалықтар