ШҚО-да 60 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда жер заңнамасына қатысты талаптардың орындалуына байланысты жүргізілген тексеруден соң ауыл шаруашылығына қажетті 63,2 мың га жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Баспасөз мәслихаты барысында жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мейірхан Әшімбаев мыңнан астам тексеру жүргізіліп, негізінен жер заңнамаларын бұзу әрекеттері Семей қаласында, Бесқарағай, Шемонаиха және Абай аудандарында анықталғандығын айтты.

Әшімхановтың сөзінше, заң бұзушыларға айып салып, 3 айдан 1 жылға дейін тиісті уақыт беріліп, осы уақыт аралығында олар жіберілген кемшіліктерді жоюлары керек. Тиісті мақсатына сай пайдаланылмай келген немесе жерді пайдалануда заң бұзу әрекеттері туралы мәліметтер 10 есе көп көлемде салық салу үшін Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданады.

«Сот шешімімен тәркіленген жерді қоспағанда Үржар ауданында 60 мың гектар жер мемлекет иелігіне қайтарылды»,-деді Мейірхан Әшімханов.

Ол сонымен қатар 2016 жылы Ұлан мен Үржар аудандарының аумағында рекреациялық аймақтарда мемлекеттік бақылау жүргізілгендігін айтты. Сонда Сибин өзенінің бойында көлемі 37,01 га болатын 261 жер телімдері пайдаланусыз жатқандығы анықталды. Алакөлдің жағалауында көлемі 67,2 га болатын 10 жер телімі пайдаланусыз жатқан.

«Барлық субъектілерге 1 жылға дейін алдын ала ескерту берілді. Аталған ескертулерде көрсетілмеген талаптар орындалмаған жағдайда жер телімдері мемлекет иелігіне қайтарылады»,-деді Мейірхан Әшімханов.

Соңғы жаңалықтар