ШҚО-да 6 жасар бала суға кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Күршім ауданына қарасты Ақсуат ауылында 6 жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 17 маусым күні болған. Ақсуат ауылының бір топ баласы Зайсан көліне шомылып жүрген кезде біреуі суға кеткен.

«Құтқарушылар тұрғындарға балаларды қараусыз жібермеу керектігін ескертеді. Былтырғы шомылу маусымында 7 баланың ажалы судан келді. Қайғылы оқиғалардың дені балалардың қараусыз қалып, арнайы жабдықталмаған орындарда шомылуынан болды», - дейді департаменттің баспасөз қызметшісі Анастасия Скляр.

Соңғы жаңалықтар